Халық үшін қызмет көрсететін мекеменің бірі-мемлекеттік архив.
«Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ Мақат аудандық филиалының қызметінің басты бағыттарының бірі жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімді болуы, оның сапалы орындалуы болып табылады.
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығының қосымшасына сәйкес «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінделер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары басшылыққа алынады.
Архив мекемелеріне келіп түсетін сұраныстар әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық, генеологиялық сипаттағы сұранымдар болып бөлінеді.
Әлеуметтік – құқықтық сипаттағы өтініштерге: еңбек өтілі, жалақы мөлшері,
зейнетақы жарналарының аударылуы, білімі, марапаттау т.б.жатады.
Тақырыптық сұраныстарға тоқталатын болсақ, бұл белгілі бір жағдайға, тақырыпқа, оқиғаға, дерекке байланысты ақпараттар беру сұранымы.
Генеологиялық сипаттағы сұранымдар бұл туысқандықты белгілеу үшін бір немесе бірнеше тұлға¬лардың туысқандық байланысы, отбасының тарихы, тегі үшін керекті ақпарат беру туралы болып табылады.
Филиал мамандары жыл сайын Қазақстан азаматтарымен,алыс-жақын шетел азаматтарының заңды құқықтарын қорғайтын сұраныстарды қабылдап,орындайты.
Үстіміздегі жылдың 1 маусымына аудандық архив филиалына 163 сұраныс түсті.Оның 145-і жеке тұлғадан болса,18-і заңды тұлғалардан келді. Атап айтқанда, «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы -124, кеңсе арқылы -39 сұраныс түсіп, жауабы берілді. Архивтік қызметтің негізгі мақсаттарының бірі көрсетілетін қызмет алушылардың құжаттық-ақпараттық қажеттілектерін қанағаттандыру,көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің сапасын арттыру болып табылады.
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін сапалы болуы, әрине архивте сақтауда тұрған қор құжаттарының толықтығына байланысты. «Бүгінгі күн-ертеңгі тарих» деген нақыл сөзбен ұштасатын архив қызметінің мақсаты мен маңызы зор.
Соңдықтан аудан көлеміндегі мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қандайма құжаттарға болсын зор ұқыптылықпен мұқият қарап, сақталу мерзімі өткен құжаттарды аудандық архив филиалына тапсырған жөн.
А.К. Шихиева,
архив қызметкері