Полиция психотроптық дәрілер тапталған бейнежазба кейіпкерлерін анықтады (+ВИДЕО)

(0 Votes)

29 қараша күні әлеуметтік желілерде тараған бейнетаспада, екі жігіттің дәрілерді аяқтарымен таптап, пайдасыз етіп жойғандары көрсетілген. Бейнетүсірілім авторы,сонымен қатар, шамамен тапталған дәрілердің иесі белгісіз ер адамды да таспаға түсірген. Аталған бейнетаспадағы дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.

Атырау қаласының екі тұрғыны, Вокзал маңы-5 ықшам ауданында ер азаматтан 20 дана психотроптық дәрілерді тартып алып, аяқтарымен таптап, болған жайды бейнетаспаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері, ер адамның 20 дана психотроптық дәріні әйелінен алғаны, ал, әйелге танысы 1981ж.т. азаматша сату үшін бергенін анықтады.

Бұл азаматшаның пәтерін тексеру барысында, 1 дана психотроптық дәрі табылып, алынды.

Екі азаматшаға қатысты жинақталған құжаттар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT