Ауру баланың атын жамылған алаяқ ұсталды

(0 Votes)

Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматша, оны біреудің қайғысын жасыра отырып,  шешуге тырысқан.

Instagram-да "церебралды сал ауруымен" ауыратын үш жасар сәбиді емдеуге қаражат жинау туралы беріліп, кейін алып тастаған хабарландыруды көріп,  ойын іске асырады. Алдымен, бұл азаматша әлеуметтік желіде жеке парағын ашып, сол науқас    баланың фотосуретін және өзінің банктік деректемелерін көрсете отырып,  көмек сұраған жазбасын  жариялайды. Жалған хабарландыруды кездейсоқ көріп қалған баланың анасы  полицияға арызданады, деп  хабарлады Атырау облысы полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ұзамай, қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлім қызметкерлері хабарландыру авторын Атырау қаласының  28 жасар тұрғынын анықтап, ұстады. Айтуынша, ол  өзінің бережақ

40 мың теңге қарызын  өтеу үшін осылай шешкенін айтты.

16-23 қараша аралығында оның есеп шотына балаға көмек қолын созған азаматтардан 200 теңгеден- 2000 теңге аралығында  жалпы сомасы 37 мың теңге түскені анықталды.

Тергеп-тексеру барысында күдікті азаматша аталған соманы өзіне кешірім берген  баланың анасына  қайтарды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521