Қаңғыбастар орталыққа орналастырылды

(0 Votes)

Белгілі бір жағдайларға байланысты тұрақты мекен-жайы  жоқ адамдар үшін қысқы мезгіл ауыр сынаққа айналады. Олар негізінен  қараусыз қалған ғимараттар ,  жертөлелер, жылу тұрба  жолдарынан оқшауланған жерлерді іздеп, мекендеуге мәжбүр. Көбінесе үй-күйсіз жандар мұндай жерлерде жүріп, жарақат (күйік) алып немесе   басқа да жайттарға ұрынады.

Сондықтан, осындай жандарды анықтап,тауып, оларға қатысты оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында  атыраулық учаскелік полицейлер бұл күндері ұдайы түрде рейдтер жүргізуде.

Мысалы, 3 желтоқсан күні аумақты аралау кезінде учаскелік инспекторлар СМП-136 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің жертөлесінде тұрып жатқан  ер адамды анықтады.

oqigalar-1

Құрманғазы ауданының 50 жастағы тұрғынының  әңгімесі бойынша, мұндай өмірге өзінің алкогольге тәуелділік әкелген. Полиция қызметкерлері бұл азаматты   "өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа" орналастырды. 

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, арнайы оңалту курсынан өткеннен кейін мұндай адамдар жалпы қабылданған нормалар бойынша өмір сүргісі келмейді,  көпшілігі бұрынғы қаңғыбастық өмір салтына қайта оралады.

Атырауда жыл басынан қайта әлеуметтендіру орталығына 160-қа жуық адам орналастырылды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз