Атырауда жаһандық маңызы бар фотокөрме өтті

(0 Votes)

Бүгін Атырауда «Жайықты сақтап қалайық» атты фотокөрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараны әлемге әйгілі «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ ұйымдастырды. Фотокөрме Жайық өзенінің бүгінгі күрделі мәселелерін қоғам болып талқыға салу мақсатында ұйымдастырылған. Осы бағытта биыл «National Geographic Qazaqstan» журналының өкілдері Атырау облысына арнайы экспедициямен келген болатын.

«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ атқарушы директоры Меллят Карабалиннің айтуынша, осындай игі шаралар арқылы Жайық өзені бойындағы аң-құстардың мүлдем жойылып кетуінің алдын алуға болады.

- Осыған дейін, 6-12 қыркүйек аралығында экспедиция мүшелері Жайықтың Батыс Қазақстан облысы шекарасынан бастап, Атырау облысы аумағындағы Каспий теңізіне құйылатын тұсына дейінгі бөлігін аралаған болатын. Міне, бүгінгі фотокөрме - сол зерттеу мен зерделеудің көрінісі, - дейді Меллят Карабалин.

Айта кетейік, фотокөрмеде шетелдік және отандық фотографтардың 30 экспозициясы ұсынылды. Игі бастаманы Атырау тұрғындары мен қонақтары 24 желтоқсаннан бастап 20 күн бойы «BAIZAAR» сауда ойын-сауық орталығының 1 қабатында тамашалай алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT