Облыста жарты жылда 5500-дей үй жануарына эхинококкоз бен құтыруға қарсы екпе салынды

Облыста жарты жылда 5500-дей үй жануарына эхинококкоз бен құтыруға қарсы екпе салынды
(0 Votes)

Атырау облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы жануарлары арасында эхинококкоздың бүгінге дейін тіркелмегенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

            ⁃           2025 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыста 3700 итке эхинококкозға, 3700 ит пен 3200 мысыққа құтыруға қарсы екпе салу көзделген. Алғашқы жартыжылдықта 1850 ит эхинококкозға, 1870 ит және 1760 мысық құтыруға қарсы егілді, - Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Мөлдір Ирбатырова.

Мамандар екпе жұмыстарының маңыздылығын ескертіп, тұрғындарды үй жануарларын уақытылы тіркеп, профилактикалық шараларға белсенді қатысуға шақырады. «Бұл тек жануарлардың емес, адамдардың да денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды» дейді олар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT