Атырауда полиция бет әлпетті жасыруға тыйым салынған заңдылықтарды түсіндіруде

Атырауда полиция бет әлпетті жасыруға тыйым салынған заңдылықтарды түсіндіруде
(0 Votes)

2025 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салатын заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Осыған орай, Атырау қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері сауда орындарында, адамдар көп жиналатын қоғамдық жерлерде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары 250-ге жуық тұрғынға жаңа талаптардың мақсатын атап өтті – бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Полицейлер тыйым тек тұлғаны толықтай тануға кедергі келтіретін киімдерге қатысты екенін, мысалы бетперде мен никаб секілді киімдер осы санатқа жататынын түсіндірді. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты киімдерге бұл норма қолданылмайды.

Сонымен бірге, ауа райына, медициналық себептерге байланысты, заң талаптарын орындау кезінде немесе қызметтік, спорттық, мәдени іс-шараларда қолданылатын киімдерге бұл тыйымның қатысы жоқ екені айтылды.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT