Атырауда сотталғандар мен пробациялық есепте тұрғандарға рақымшылық жасалды

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің арнайы есеп тобының аға инспекторы Ботагөз Ізтілеуова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты сотталғандарға рақымшылық жасау туралы Жарлыққа 2021 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Осыған орай Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінен барлығы 27, пробация қызметінен 70 адам босатылды. Ал, түзеу мекемелеріндегі 44 жазасын өтеушінің, пробация қызметінен 155 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

- Біз өткен жылы желтоқсан айында прокуратура, сот және сотқа дейінгі тергеу органдарының өкілдерімен Президент Жарлығын іске асыру мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткіздік. Заң қолданысқа енгізілген сәтте оның қолданылу аясына жататын адамдардың тізімін түпкілікті айқындау тұрғысынан жеке істерді мұқият зерделедік және материалдарды кезең-кезеңімен сотқа жібердік. Рақымшылық жасауға жататын сотталғандардың саны 325 болды, дейді Б.Ізтілеуова.

Сонымен қатар, арнайы есеп тобының инспекторы босатылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы өткенін мәлім етті.
Айта кетейік, рақымшылыққа жататындар: онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар; залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасаған не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған адамдар; залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар; ата-ана құқықтарынан айырылмаған және кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жатады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521