Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырды.
Жалақының өсуі мұғалімдер үшін үлкен мотивация болатыны сөзсіз, әрі бәсекеге қабілеттілікті де арттырады. «Мұғалімдердің жалақысы мардымсыз еңбекақылардың бірі болып қалып еді, экономикалық көрсеткіштер бойынша орташа жалақының ол 65 процентін құрайды. Үкіметке алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіруді бұйырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Елбасы кезінде де мұғалімдерге деген құрметтің өсіп жатқанын білгенбіз. Қазір де сол жолды жалғастырып жатқан Мемлекет басшысы өте орынды мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Президент ҚР Білім және ғылым министрлігіне табысы аз немесе қиын жағдайда жұмыс істейтін отбасылары балаларын оқу бағдарламасынан қалыс қалуын еңсеру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске қосуды тапсырды. Бірақ, біраз уақыт бұрын президент мұғалімдердің мәртебесін көтеруді алға қойған еді. Бұл ұштасқан екі жаңалықтан жақсы нәтижелер күтеміз.
Мұғалімдердің жалақысын екі есеге өсіру өте орынды. Мен қолдаймын. Өйткені олардың жұмысы оңай емес. Бала тәрбиесіне жауап беру, ұлт тәрбиесіне жауап беру болып табылады.
Э.Сәрсенбайқызы