Әр адам өз ойын еркін айтуға құқылы

(0 Votes)

Енді еліміздегі әр тұрғын бейбіт шеруге шығып, өз ойын ашық айта алады. Өйткені, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында  бейбіт шерулер туралы қозғап, митинг жасауға рұқсат беруді тапсырды.

«Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады», - деді мемлекет басшысы.

Президентіміз  айтқандай, Ата заңға сәйкес азаматтарымыздың өз пікірін еркін жеткізуге құқығы бар. Бірақ заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге бармау керек.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521