"Зағиптар арманына" төл аға тағайындалды

(0 Votes)

Мақат кенті әкімдігінің кіші мәжіліс залында  "Зағиптар арманы" қоғамдық бірлестігімен жиналыс өтті. 

Жиынға ауданымыздағы зағип жандар мен оларға күтім жасап отырған туыстары және әлеуметтік сала және еңбекпен қамту бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Сарбасов пен мамандары қатысты.

Басқосуға басты себеп болған "Қазақ» соқырлар қоғамында мүше болып тіркелген кейбір жандардың "Зағиптар арманына" ауысуы мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктері төңірегінде еді. Сонымен қатар, зағип жандар мен олардың күтушілері мамандардан өз құқықтары жөнінде кеңінен ақпарат алып, көкейіндегі көп сұрақтарға жауап тапты.

img_7353

Әрі қарай аталмыш қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыру тобының бірауыздан келген келісімімен аудандық "Зағиптар арманы" қоғамының төл ағасы болып, Байғазиев Құбаш тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған төл аға барша зағип жандарға «мүмкіндігіміз шектеулі» деп қол қусырмай, алдағы уақытта ел мүддесі үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Басына түскен тағдырдың ауыр сынағына мойымай, керісінше,  осындай бірлестіктер арқылы басын қосып, бірнеше шараға ұйытқы болғалы тұрған тағдырлас жандардың  біріккен істері берекелі болсын деп тіледік.

 

А.САДЫКОВ

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521