«Мопед» мінгендер нені білуі керек? ...

«Мопед» мінгендер нені білуі керек? ...
Сурет: видеодан алынды
(0 Votes)

Жол-көлік қозғалысының қауіпсіз болуы үшін мопед, скутер, электросамокат жүргізушілері қалай жүруі керек?

- мопедті басқару кезінде қозғалыс бағытына жақсы шолу жасап, ұялы телефон немесе басқа гаджеттерді пайдаланбаңыз;

- көлік құралын екі қолыңызбен ұстаңыз және тоқтайтын кезде асықпаңыз;

- көлік көп жүретін жерлер мен адамдар жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

- электрлі самокатты қараңғы, тар және кедергілері бар жерде қолданбаңыз;

- электрлі көлік құралдарын қолдану кезінде арнайы бас киім және білек пен шынтағыңызды, тізеңізді қорғайтын құралдарды ұмытпаңыз;

- мопед көлік құралы мен электросамокаттардың алдында, бүйірінде және артында жарық шамдары болуы шарт;

- айналадағы адамдарға өзінің жақындағаны туралы ескерту жасау үшін көліктің бұл түрінде дыбыстық құрылғы болуы маңызды;

- мопедті басқару кезінде жүк пен жолаушыларды тасымалдауға болмайтынын білгеніңіз абзал!

 

Қауіп аяқ астында! Жол ережесін сақтайық!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT