Жұмысшы маманды ұлықтау – жастарға үлгі

Жұмысшы маманды ұлықтау – жастарға үлгі
(0 Votes)

Бүгінгі күні қоғамның дамуында жұмысшы мамандық иелерінің алар орны ерекше. Қарапайым еңбектің қадірін түсіне білген жан ғана өмірдің шынайы құндылығын сезінеді. Махамбет ауданында еңбекке адал, кәсібіне шын берілген жұмысшы жастардың қатары артып келеді. Бұл – біз үшін үлкен үміт пен сенімнің көрінісі.

NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу барысында байқағанымыз – жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс жоғары, тек сол бағытта жастарды ынталандырып, бағыт-бағдар беру аса маңызды. Осы ретте ауылда жүрген, қолынан іс келетін, бірақ мүмкіндікті толық пайдалана алмай жүрген жастарға үлгі болар еңбек адамдары баршылық. Олар – темірді балқытқан дәнекерлеуші де, құрылыс нысанында тер төккен тас қалаушы да, егін егіп, мал өсіріп жүрген қарапайым шаруалар да.

Олар – қоғамның тірегі, елдің наны мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген елеусіз батырлар. Сол себепті де жұмысшы мамандарды ұлықтау – тек құрмет қана емес, бұл – жас буынға еңбекке адал болуға үндейтін тәрбие құралы.

Болашағына сенімсіз қарап отырған әрбір NEET жастың жұмысшы мамандығын игеріп, өмірін өзгертуіне мүмкіндік бар. Бастысы – ниет пен әрекет. Ал біз, жастармен жұмыс істейтін мамандар, сол жолда бағыт беріп, қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!

 

Гүлжайна МУХТАРОВА,

Махамбет аудандық 

Жастар ресурстық орталығының

NEET жастармен жұмыс жөніндегі маманы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT