АСТАНА. KAZINFORM – Каспий құбыр консорциумы-1 шығарылатын айлақ қондырғысын іске қосты. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінен мәлім етті.
- Жүзеге асырылған кезектен тыс куәландыру нәтижесінде «Ресей теңіз кеме қатынасы тізілімі» ФАМ шешіміне сәйкес РС №010784 КҚК-1 шығарылатын айлақ қондырғысы қалпына келтірілді, - деп нақтылайды компанияның баспасөз қызметінен.
Осылайша, мұнай жөнелту КҚК-1 шығарылатын айлақ қондырғысы және КҚК-3 шығарылатын айлақ қондырғысы арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Компания КҚК-2 шығарылатын айлақ қондырғысы қашан іске қосылатынын қосымша хабарламақ.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесіне қазақстандық мұнайды қабылдауға ешқандай шектеу жоқ екенін хабарлаған еді.