Мұнай құнының құлдырауы Қазақстанға кері әсер етеді – сарапшы

Мұнай құнының құлдырауы Қазақстанға кері әсер етеді – сарапшы
Фото: А. Исмаиловтың жеке мұрағатынан
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп әлем елдеріне сауда тарифтерін көтерген соң мұнай бағасы төмендеп кетті. Өз кезегінде бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етпек? Мұнай және газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловтың сөзінше, бағаның құлдырауынан ел экономикасы сөзсіз зардап шегеді.

– Қысқа мерзімді перспективада бұл ең алдымен мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына алып келеді. Себебі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, экспорттық баж салығы және мұнай компанияларынан түсетін дивидендтер кемиді. Ал валюталық түсімнің қысқаруы теңгеге девальвациялық қысым түсіріп, саланың инвестициялық белсенділігіне де кері соғуы мүмкін, – дейді маман.

Бірақ бұл жағдай тек қауіп емес, стратегиялық бетбұрыс жасауға да мүмкіндік. Сарапшы бағаның төмендеуі ел ішінде өңдеу саласын жедел дамытуға түрткі болуы керек екенін жеткізіп, бюджет пен Ұлттық қор жайына да тоқталды.

– Бюджет пен Ұлттық қор мәселесіне келсек, бағаның қысқамерзімді ауытқуы, әрине, кіріске әсер етеді. Бірақ Ұлттық қор дәл осындай сәттер үшін құрылған, яғни, тек жинақтауға емес, жағдайды реттеп отыру үшін де қажет. Маңыздысы – қор «жыртығымызды жамауға» ғана емес, құрылымдық реформаларды қолдау мақсатында пайдаланылуға тиіс.

Бұл тұрғыда біз тек «қалай аман қаламыз» деген сценариймен шектелмей, «қалай пайда көреміз» деген сценарийге көшуіміз керек. Егер мемлекет пен бизнес реактивті емес, проактивті түрде әрекет етсе, бағаның төмендеуі жаңа салаларды іске қосатын бастамаға айналуы мүмкін, – деді Асқар Исмаилов.

Мұнай бағасының құлдырауы әрі қарай жалғаса бере ме, әлде бәрі уақытша процестер ме? Бұған дейін Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге «қара алтын» құнының келешегіне қатысты байлам жасап көрген еді

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT