Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Мемлекет басшысының айтуы бойынша, соңғы жылдары еліміз мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қарап, бір жүйеге түсті.
“Алайда әліде ведомстволық марапаттарды ретке келтіру қажет. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатыр. Тіпті, бір мемлекеттік органның төсбелгісін бір адам бірнеше рет алған жайттар да кездеседі”, - деді Президент.
Иә, мемлекеттік награда деген нағыз өз ісінің маманына табысталатын, білімді де білікті жандар иеленетін маңызды награда. Бұған бей-жай қарауға болмайды.
Әр марапатты лайықты жандарға табысталса нұр үстіне нұр болар еді. Солай еліміздегі өз ісінің шеберлері назардан таса қалмай, ел дамуына одан әрі өз үлестерін қосары сөзсіз.
С.Халенов,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы