Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атауы жұмысшы мамандары үшін керемет бастама. Жалпы, біздің қоғамда жұмысшы мамандығына деген көзқарас басқаша қалыптасқан. Алайда біз сол көзқарастан арылып, өскелең ұрпаққа жұмысшы мамандығының маңыздылығын түсіндіруіміз қажет.
Қазіргі таңда еліміз жан-жақты дамыған. Еңбек нарығына жаңа технологиялар енгізіліп, техниканың түр-түрі пайдаланылып жатыр. Сәйкесінше жаңа технологияны басқару үшін сол саланың білікті де білімді маманына сұраныс артады.
Ал, жұмысшы мамандары заманауи білім игеріп, жаңа технологияны білетін болса ол мамандарға сұраныс одан әрі жоғары болары анық.
Гүлдана Жұбанышқалиева