Мақат ауданындағы мектеп-интернатта кәсіпорын қызметкері жеке тұлғаның карт-шотына жалақы түрінде қазан айында 6 млн. 530 мың 821 теңге мөлшерінде бюджет қаражатын мақсатсыз аударған. Мұндай кемшілікті Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс барысында анықтады.
–Кәсіпорын директорының 2024 жылғы 29-қарашадағы хатына сәйкес орын алған кемшілік 1С бағдарламасынан артық аударылғаны белгілі болды. 6млн.200 мың теңге артық аударылған ақша қазынаға кері қайтарылды. Өкінішке қарай, білім беру ұйымдары басшылығы тарапынан кәсіпорын есепшілері жүргізілген қаржы операцияларына қадағалау жұмыстары жүргізілмейтіні байқалып отыр. Сондықтан, бюджетті бағдарлама әкімшілеріне мемлекет қаржысының мақсатсыз, негізсіз қолдануына жол бермеу үшін білім беру ұйымдары бақылау жұмыстарын күшейту керек,-деп нақтылады Зоя Ғұсманқызы.
А. МҰРАТҚЫЗЫ