ЖАСТАР ҮШІН ЖАҢА ӨРІС

(0 Votes)

Аймақтағы белсенді жастарға Атырау облысы әкімдігімен бірлескен өңірлік форум өткізілді.

 Форумның мақсаты – талантты, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту және жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады.

Шараға спикер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева, Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Ғабдығапаров қатысты.

Нұрлан Тәңірбердіұлы өз сөзінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» қағидаттарын жүзеге асыруда ашықтық, әділдік пен отансүйгіштік қасиеттердің маңыздылығын атап өтіп, жастарға мемлекеттік қызметке келу үшін толық мүмкіндіктер жасалғанын жеткізді.

Айгерім Жәрдемқызы өңір жастарымен бірлескен іс-шараларға тоқтала отырып, аймақтың дамуына үлес қосып жүрген жастардың әлеуетіне тоқталды.

Еркебұлан Серікұлы Мемлекеттік басқару академиясының қызметтері мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына бағытталған бағдарламалар туралы баяндады.

Форум барысында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді ауылдық, аудандық деңгейдегі төменгі лауазымдарға тікелей тағайындау мүмкіндіктері хабарланды.

Шара аясында белсенді жастар спикерлерден маңызды сұрақтарға жауап алып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша нақты ақпараттармен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT