«Артық қыламын деп тыртық қылды»

«Артық қыламын деп тыртық қылды»
фото: aikyn.kz
(0 Votes)

 Өңірде мектеп қызметкерінің карт-шотына жалақы түрінде бір айда 940 мың теңге аударылған. Осылайша, қазына қаражаты мақсатсыз жұмсалған. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеріс барысында осындай кемшіліктің бетін ашты. 

Аталған департамент басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуынша, мұндай келеңсіздіктер облыс орталығындағы бірнеше білім ордасында анықталған. «Мектеп директорының түсіндірмесіне сәйкес аванс ретінде 820 мың теңге артық қаражат 1С бағдралмасы арқылы қате аударылғаны белгілі болды. Артық қаржы бюджетке қайтарылды. Осындай кемшілік қаладағы мектеп гимназияда да анықталды. Мектеп қызметкері жеке тұлғаның карт-шотына жалақы түрінде 2023 жылдың ақпан айында 6 млн.теңге, 4млн.500 мың теңге, наурыз айында 6 млн.теңге, шілде айында 500 мың теңге, тамыз айында 694 мың теңге, қазан айында 429 мың 530 теңге, қараша айында 6 млн.теңге, желтоқсан айында 8 млн.542 мың 953 теңге, жалпы сомасы 32 млн.теңгеден астам бюджет қаражаты аударылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, осы білім беру кәсіпорнының қызметкері жақын туысының карт-шотына жалақы түрінде 2023 жылдың тамыз айында 6 млн.теңге, 9 млн.теңге мөлшерінде бюджет қаржысын аударған»,-дейді Зоя Ғұсманқызы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдары тергеп-тексеру нәтижесінде аталған қызметкерлерге Қылмыстық Кодекске сәйкес қылмыс жасағаны үшін Атырау қаласының сот үкімі қабылданып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 3 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметінен айналысу құқығынан айырылды.

А. МҰРАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT