Медицина - ел болашағының тірегі, халықтың әл-ауқаты мен мемлекет тұрақтылығының басты кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта биылғы жылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталған болатын.
Бұл Жолдау медицина қызметкерлері үшін де, жалпы халық үшін де үміт пен сенімнің жол картасы десек артық айтпаймыз.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін жасанды интеллект негізінде ұлттық мониторинг жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл бастама емдеу ұйымдарының қызметін бағалауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етпек. Яғни, денсаулық сақтау сапасы енді нақты көрсеткіштермен өлшеніп, халыққа шынайы нәтиже береді.
Ауданымызда да осы бағыттағы жұмыстарды жедел қолға алып, емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, аудан дәрігерлерін қолдау және халыққа қызмет сапасын арттыру – басты назарда болады деп сенемін.
Медицина – тек мамандық емес, бұл – жүрек қалауымен жасалатын қызмет. Сондықтан халықтың сеніміне лайық болу үшін біз әрқашан жаңалыққа ұмтылып, сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз.
А.Тәжіғұлова,
аудандық аурухананың мейірбикесі