Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия – Ресей» саммитінде айтқан сөзі аймақтық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын айқын көрсетеді.
Мемлекет басшысының Орталық Азияның әлеуетін жоғары бағалап, оның жаһандық үдерістердегі маңызды рөлін атап өтуі — аймақ елдерінің бірлесіп даму жолындағы ұмтылысын айғақтайды.
Қазақстан Президентінің Ресеймен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беруі – геосаяси тұрақсыздық кезеңінде көреген саясаттың көрінісі. Сондай-ақ, аймақ елдері арасындағы мәдени және рухани бірліктің тереңдеп келе жатқаны – болашақтағы тұрақты даму мен өзара сенімнің кепілі.
Қабылхан Омаров,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі