Халық игілігіне бағытталған маңызды құжат

Халық игілігіне бағытталған маңызды құжат
фото: https://egemen.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойылған басым бағыттармен үндес бұл құжат – ел дамуының жаңа кезеңіндегі құрылыс саласын жүйелеуге арналған маңызды қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ экологиялық және санитарлық-гигиеналық талаптарды күшейтудің маңызын ерекше атап өткен болатын.

Қазіргі таңда су тапшылығы еліміздің барлық өңірінде сезілуде. Осыған байланысты су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құру – дер кезінде қабылданған шешім. Бұл жүйе су қорын әділ бөлуге, ысырапты азайтуға және үдерістің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сол сияқты, жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы құрылыс саласының экологиялық қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына деген тікелей ықпалы тұрғысынан аса маңызды. Жаңа құжат құрылыс пен инфрақұрылым салаларындағы ретсіздікті жойып, тұрғын үй-коммуналдық секторды тиімді басқаруға жол ашады. Бұл – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі өзгерістердің бастауы.

 

Мәлік Әнесұлы,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT