Мақат кентіндегі блок-бекеттер 5 маусымға дейін алынбайды

(0 Votes)

Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №7ПГВр «Мақат кентінде карантиндік режимді қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның «COVID-19» таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданып, Мақат кенті аумағында 2020 жылдың 22 мамыры сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 05 маусымы сағат 07.00-ге дейін «карантин» режимі белгіленді.

Мақат кентіне 2 блок – бекеті қойылып, карантиндік бақылау күшейтілді.

Қазіргі таңда, 10 жағдай тіркеліп, ауру ошақтары көбеюіне байланысты аурудың жаппай таралуының алдын алу шаралары қолға алынды.

Бүгінгі таңда, 2020 жылғы 29 мамырдағы Еліміздегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы қалалар арасындағы кедергілерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес, 5 маусымнан бастап тасымалдауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Алайда, блок-бекеттерді алу жұмыстары жергілікті жердегі ахуалға байланысты Бас санитариялық дәрігерлердің шешімдеріне сәйкес, жүргізілетін хабарлаймыз.

Сол себепті, Мақат кентіндегі блок-бекеттер 5 маусымға дейін алынбайды.

Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан енгізілген өзгерістер мен қабылданған шаралар туралы жедел түрде халыққа жарияланатынын болады.

Мақат аудандық жедел штаб орталығы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521