Атырау полицейлері алданған ломбард салымшыларын іздестіруде

(0 Votes)

Атырау облысы Полиция департаменті   «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «Estate Ломбард», «Выгодный заём», «Нұр-Әли Капитал», «Выгодный депозит», «ХоумАвтоИнвест» сынды алаяқтық жолымен халықтың қаражаты мен ірі көлемдегі жеке мүліктерін жымқырған қаржы ұйымдарына байланысты істі әлі де тергеуде.

Осы орайда, Полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған ұйымдарға алданған салымшыларды  іздестіріп жатыр.

Барлық алданған адамдар Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №85 мекен жайына келуін және  8 (7122) 98-21-55, 98-20-11, 98-20-72, 98-22-72, +7 702 743 21 11 немесе +7 702 519 81 87 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекен жай бойынша аудандық полиция бөліміне жүгінуге болады.

depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521