Мақатта алимент төлемегендер жауапқа тартылды

(0 Votes)

 Мақат ауданының прокуратурасы алимент берешегі бар борышкерлерге қатысты рейдік іс-шара ұйымдастырды. Алимент төлемей қашып жүрген 2 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылса, 12 адамның көлік басқару құқығы тоқтатылды.

Жалпы шара барысында алимент төлемей жүргендерден 1 млн 777 мың теңге өндірілді. Прокуратура 2 айдан астам алимент берешегін төлемеген тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 139 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Бұл бапта екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT