Мақат ауданында алаяқтық бойынша 17 қылмыстық іс тіркелген

(0 Votes)

Қазіргі уақытта Мақат аудандық полиция бөлімі тіркелген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Алдын алу жұмыстарына қарамастан, алаяқтарға алданып қалу фактісі азамай тұр. Интернет алаяқтықтың басым бөлігі түрлі ұялы телефон және olx.kz, koleso.kz, krisha.kz, market.kz, instagram сынды интернет платформалары арқылы жасалуда.

Тәжірибе көрсеткендей, алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған хабарландырулар орналастырады немесе парақшалар ашып, сайт жасап алады, не болмаса қылмыскер өзін заңды тұлға етіп көрсетіп, өз атына бірнеше пластик карта, банк шоттары және бірнеше абоненттік нөмір тіркейді.

Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.

Сонымен қатар, жақын таныстарынан ұялы телефонын пайдалануға сұрап алу арқылы, алаяқтық жолмен бірнеше банктен онлайн несие рәсімдеп алған және есеп шотындағы қаражатты өз қажетіне жұмсау мақсатында өзінің есепшотына аударып алу деректері орын алуда.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға өздерінің дербес деректерін (ЖСН, жеке куәлік нөмірлерін және т.б.) жолдамауға, әлеуметтік желілерде төлем карталарының деректемелерін жарияламауға, күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің банктік карталарының деректерін енгізбеуге кеңес береді. Интернет алаяқтық фактілері анықталған жағдайда азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласуы қажет.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521