Доссорлық кәсіпкерлер өнер студиясын ашты

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда еліміздің әлемдегі экономикасы дамыған елдердің қатарына кіру жолында шағын және орта бизнестің алатын орны ерекше екендігін айтады. Сол мақсатқа жету үшін Үкіметке бірқатар тапсырмалар да беріп жүр. Әсіресе, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қолдау бар.

Расымен, мемлекеттік гранттар мен арнайы бағдарламалардың игілігін көргендерден бөлек айналамызда өз күштерімен де кәсіп бастап жатырғандардың қатары аз емес. Солардың қатарына өткен аптада Доссор кентінде «Жақсылық» өнер студиясын ашқан Зайнап Сабыржанова мен Жамиля Жақсылықованы қосуға болады.
Жаңа нысанның ашылу салтанатында қонақтарға дастархан жайылып, балаларға тәттілер таратылды.
Мұндағы үйірмелерде шәкірттер қолөнер, тігін, тоқыманың қыр-сыры, заманауи 3d бокалдар жасау, эскиз сызу, әшекей бұйымдарын жасау, ыдыстарға сурет салуды меңгере алады. Керекті құрал-жабдықтарды өзімен бірге әкелудің қажеттілігі жоқ.

dd9020bd-fbc0-417b-89e9-15cfed786854

ab52fe35-aa1c-4f3d-8ca5-451544e24642

«Өнер студиясын ашудағы мақсатымыз – телефон мен интернетке тәуелді болып кеткен жастарымыздың уақыттарын тиімді өткізулеріне септігімізді тигізу. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты өнерге баулып, еңбекке үйрету.
Бұл өнерге осы кәсіпті бастап отырған екеуіміз баулитын боламыз», - дейді біз сөзге тартқан Жамиля Жақсылықова.

А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521