Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

(0 Votes)

Рейс кешіккені үшін қазақстандық жолаушыларға төленетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін. Бұл туралы ресми сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берген жауапта айтылған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпаниялар жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр. Осы жұмыс аясында рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді министрлік өкілдері.

Ведомство азаматтардың құқығын сақтамағаны үшін Air Astana әуекомпаниясына төрт рет айыппұл салғанын түсіндіріп, тергеу әлі жалғасып жатқанын, жаңа заңбұзушылықтар анықталса, тасымалдаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521