Коронавирустың жаңа штамы пайда болды

(0 Votes)

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиялық жағдай туралы айтып, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болғанын хабарлады.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымы Перуде алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында табыл­ған және 30 елде, негі­зінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық жағдай анықталған «Лямбда» штамының анық­талуы туралы мәлімдеді.

Эпидемиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» орналасқан. «Сары аймақта» екі өңіріміз – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бол­са, қалған өңірдің барлығы – 15 өңір «қызыл аймақта» тұр. «Дельта» штамының таралуын ес­кере отырып, соңғы екі ап­та­да алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша аурушаңдықтың өсуі байқалады, оның көрсет­кіші – екі есе. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәу­ліктік ауру 4,8 есе өсті. Сырқат­танудың өсуін және денсаулық сақтау жү­йе­сіне жүктеменің артуын ес­кере отырып, шілде айында қосымша 10 мыңға жуық төсектік орын ашылды, резервте 21,4 мың­ға жуық төсектік орын қалып отыр.

Сонымен қатар дәрілік зат­тар мен медициналық бұ­йым­­дардың қажетті көлемі толық қам­­тамасыз етілген. Ауру­хана­ларда КВИ-ді емдеуге арналған дәрі­лер­дің айлық қоры, «СҚ-Фар­мация» қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қоры қалып­тастырылған. Бар­лық өңірде 18 млрд теңгеге дәрі-дәр­мек­тердің тұрақтандыру қорлары құрылды. Сонымен қатар халықтың тестілеуге қолжетімділігі қамтамасыз етілді. COVID-19 диагностикасы үшін тәулігіне жалпы қуаты 120 мың зерттеу болатын 157 зертхана мен 66 биологиялық материал алу пункті тартылды. Тиісті контингентті вакциналау жалғасуда. Бүгінде вакцинаның 8 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 5 054 970 адам егілді, бұл тиісті халықтың 51%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 075 907 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 580 мың бірінші компонент және 1 млн 190 мың екінші компонент бар.

«Вакциналау – вирустың таралуын азайтудың және бұрын­ғы өмір салтына, жұмысқа, отба­сылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі», деп тағы да еске салды А.Цой.

«Дельта» штамы анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы, орта есеппен бір адамнан 5-6 адамға жұғады, 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезең­мен сипатталады.

egemen.kz


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521