banner_damu

Атырауда сайлаушылардың 80  пайызға жуығы дауыс беруге қатысты

(0 Votes)

Бүгінгі ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Қорытындысы қашан? Бұл сұрақтардың жауабын Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол, алдымен, сағат 21:00-де келіп түскен статистикамен бөлісті.

​– Атырауда сайлаушылардың 74,4 пайызы дауыс берді. Оның ішінде, Қызылқоғада — 85,8; Исатайда — 85; Жылыойда – 80,7; Индерде — 77; Махамбетте — 80,8; Құрманғазыда – 71,7 және Атырау қаласында — 66 пайыз. Ал, сайлаушылардың жалпы саны – 44305. Сайлау округтерінің саны – 18, – деді комиссия төрағасы.

Осыдан кейін спикер тұрғындардан түскен сауалдарға жауап берді.

– Сайлаудың есебі әлі жүріп жатыр. Бірақ, алдын ала мәлімет бойынша барлығы 175 байқаушы қатысты. Оның 19-ы – БАҚ, 89-ы – қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйым, 46-сы – саяси партия өкілдері және 21-і – үміткерлердің сенім білдірген адамдары.

Ал, карантин талаптарына байланысты орын саны шектеулі болғандықтан учаскеге кіре алмаған байқаушыларға сайлау комиссиясы түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы, байқаушылар тарапынан түскен арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Карантин талаптары мен сайлау заңнамасы бұзылған деректер тіркелмеді, – деді спикер.

Айта кетейік, сайлау қорытындысы нақты ертең, яғни, 26 шілде күні сағат 15:00-де шығады деп жоспарланып отыр.

 

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика