Мобильді топ кәсіпкерлік нысандарды аралады

(0 Votes)

Covid-19 виурсының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аудан аумағында белсенді жүруде. Аталған індеттің күннен-күнге ушығып бара жатқандығын ескерген мобильді топ өкілдері аудандағы кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізді.

Топ құрамының мүшелері «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудан бойынша өкілі Күлпаш Алишева, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Гүлназ Едігеева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанат Жұмағалиева, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Гүлсара Жаконова мейрамханалар мен дүкендерін аралап, нысан иелеріне барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ, облыстық бас санитариялық дәрігері  М.Танауовтың жаңа қаулысымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Бүгінде «Ashyq» мобильді қосымшасының арқасында кейбір кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жанданды. Рейд барысында «ASHYQ» қосымшасымен кәсіпкерлердің жұмыс жасау барысы да қадағаланды. Жалпы ауданда «Ashyq» мобильді қосымшасына тіркелген 14 кәсіпкерлік субъектісі бар. Бүгінде олар талапқа сай қызмет атқаруда.

Түсіндірме жұмыстары барысында шектеу талаптарының өрескел бұзылып жатқан кәсіпкерлер кездеспеді. Рас, есік тұтқаларын жиі дизенфекциялау, едендерді уақытылы жуу, сатылымдағы тауарлардың талапқа сай сақталмауы және орналасуы секілді олқылықтар байқалып жатты. Кәсіпкерлік нысандарды аралаудағы  мақсаттарын түсіндірген мобильді топ мүшелері аталған кемшіліктердің алдағы уақытта қайталанбауын ескертті. Өйткені, қай індетте ең алдымен тазалықтың сақталмауынан тарайды. Сондықтан, қарапайым карантин талаптарын сақтау маңызды міндеттердің бірі.

 

А.ТАУМҰРЫНОВА

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521