Қол еңбегінің қадірін білейік!

(0 Votes)

Жұмысшы мамандықтар – қоғамның негізгі тірегі. Оларсыз өндіріс те, құрылыс та, қызмет көрсету саласы да тоқтап қалады. Сондықтан жұмысшы еңбегіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті.

 Бұл салада білім мен шеберлік қатар жүреді. Қазіргі жастардың көбі кеңсе жұмысын қалайды. Алайда білікті жұмысшы мамандықтар – тек дене еңбегі емес, шынайы өмірлік тәжірибенің мектебі. Техникалық білім алып, нақты маман иесі болу – болашаққа сенімді қадам. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, жұмысшы мамандығы – маңдай тердің, адал еңбектің көрінісі. Бұл салада тер төккен әр адам – ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген жан. Білікті жұмысшы – сұраныстағы кадр. Жаңа зауыт-фабрикалар ашылған сайын, заманауи құрылғыларды меңгеретін жұмысшылар қажет. Демек, жұмысшы мамандығы — тұрақты табыс пен кәсіби дамуға жол.

Фархад САДУАКАСОВ,

Махамбет ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT