Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2010 ж.т. жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы азаматтық іс қаралды.
Аталған жасөспірім 2025 жылдың қаңтар айынан бастап себепсіз түрде бірнеше рет сабаққа бармаған. Сонымен қатар, оның заңды өкілі ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және 442-бабы бойынша бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жасөспірімге қатысты жүргізілген профилактикалық жұмыстар оң нәтиже бермегендіктен, Атырау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына ұсыныс жолданды. Комиссияның қорытындысымен жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы шешім қабылданды.
Сот шешімімен ІІО-ның талап арызы қанағаттандырылып, кәмелетке толмаған жасөспірімді 6 ай мерзімге Алматы қаласында орналасқан девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы шешімі шықты.
Айта кетейік, Атырау облысы аумағында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында республикалық деңгейде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.