Бала - біздің болашағымыз

(0 Votes)

Менің «Жауқазын» бөбекжайында жұмыс жасағаныма да біраз жылдың жүзі болған еді. Балабақшада мен тәрбиешінің көмекшісі болып, еңбек етемін.

 Бала жанының бағбаны болу оңай емес. Балалармен түрлі ойындар ойнап, бірге жүргенге не жетсін. Бала-болашағымыз, өмірдің гүлі. Біз тәрбиешімен бірге балабақшадағы әрбір баланың тамақтануына, қауіпсіздігіне тікелей жауаптымыз. Балалардың бөбекжайдағы әрбір жүрісіне, әр қадамына, тамақтануына зер салып, қарап отыру керек. Ойнап жатса да оларды көзден таса етпей, әр қадамына үлкен жауапкершілікпен қарап, қадағалаған артық етпейді. Мен Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшылар жылына байланысты Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталдым. Бұл да менің көп жылғы еңбегімнің жемісі деп ойлаймын.

Сарқыт СҮЛЕЙМЕНОВА,

«Жауқазын» бөбекжайының көмекші тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT