Үкімет өкілдері Қостанайда кәсіпкерлермен салық реформасын талқылады

(0 Votes)

 ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қостанай облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізді, онда салық реформасы талқыланды. Кездесуге экономиканың түрлі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен өңірдің 8 салалық кеңесінің мүшелері қатысты.

 Талқылау барысында көтерілген негізгі мәселелердің бірі – ҚҚС мөлшерлемесін өзгерту болды. Облыстық Құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Ирина Викулова құрылыс саласы бойынша құрылыс компаниялары мен жобалаушыларға салықтың сараланған тәсілін қолдану қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кәсіпкерлер құқық бұзушылықтың ауырлығы мен бизнес көлеміне қарай айыппұлдарды саралау жөнінде ұсыныс айтты.

Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Қайрат Маишев агроөнеркәсіптік кешен ел экономикасының негізгі салаларының бірі екенін және салық заңнамасындағы кез келген өзгерістер оның дамуына тікелей әсер ететінін айтты. Жаңа салықтық бастамалар аграршыларды өсім, жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша ынталандыра алады.

Кеңес барысында кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, салық саясатына кез келген өзгеріс енгізу кезінде бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескеру қажеттігін ерекше атап өтті. Өз кезегінде Үкімет барлық ұсынысты жан-жақты зерттеп, мұқият қарастыратынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT