Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
(0 Votes)

Атырау қаласында көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары ақынның «Алыста мұнарланған тау шыңдары», «Шіркін, сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!», «Салқындап саясында самал көлдің» атты өлеңдерін оқып, ұлы жерлестеріне деген құрметтерін білдірді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті:

— Кейде Жұмекеннің шығармаларын жұмбақ дейді. Шын мәнінде, олар жұмбақ емес, терең мағыналы, философиялық, ой жүгіртуді қажет ететін дүниелер, — деді ол.

Салтанатты шара соңында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова әкесінің рухына құрмет көрсетіп келген барша азаматтарға алғысын білдірді.

 

Рахима Халел

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT