Қазақстанға АЭС қажет пе?

(0 Votes)

Бүгінде атом электр станциясын салу туралы жария талқылаулар аяқталды.

 Десе де, қоғамның пікірі екіұшты. Жұртшылық оның қауіпсіздігіне алаңдап отырғаны шын. Бұл мәселе туралы техника ғылымдарының кандидаты, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Ақмарал Қонарбаевамен сұхбаттасып, кәсіби маманның ойын білген болатынбыз.

– Атом дегеннен шығады, бізде электр энергиясының тапшылығы айтарлықтай сезіліп жүр…

– Иә, өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «таза» атом электр энергиясына мұқтаж екенін атап өткен болатын. Бұл Жолдауда, Президенттің айтуы бойынша, атом электр станциясының құрылысынсыз елдің бүкіл экономикасын жоғалту ықтималдығының жоғары екені аталып көрсетілді. Тоқтала кетері, мұндай дәлелдер негізсіз емес. Олар елімізде соңғы кезде көп орын алған электр энергиясымен қамтудың жиі үзілісімен дәлелденді. Мысал ретінде 2022 жылдың қаңтар айының соңында Алматыда және Қазақстанның бірқатар облыстарында электр энергиясының тапшылығына қатысты проблемалар туындады. Айталық, 2021 жылдың 14-ші қазанында бірнеше сағаттық интервалмен Екібастұз ГРЭС-де қуаты 500 МВт-ық ірі энергоблоктар апатты жағдайда өшті. Үш станциядағы ЭЭ өндіру көлемі 1000 МВттан артық шамаға төмендеді. 2022 жылдың 15-ші қарашасында Теміртау қаласының ЖЭО-да ірі апатты жағдай орын алып, 6 қазандықтың 3-еуі істен шықты. 2023 жылдың 23-ші наурызында Риддер қаласының ЖЭО-ның №6-шы қазандығында жарылыс болып, оның нәтижесінде 22 мың тұрғын жарықсыз, жылусыз қалды. 2024 жылдың 24-ші қаңтарында МАЭК-тың 1-ші энергоблогында САОН-ы (жүктемені автоматты ажырату жүйесі) автоматты түрде ажыратылды, Атырау ЖЭО-да апатты ажыратылу орын алды Алдағы уақытта нашарламаса, дұрысталмайды дейсіз ғой?

– Болашақта бұл проблемалар тек нашарлауы мүмкін. Сонымен қатар қазірдің өзінде еліміз электр энергиясының тапшылығын сезінуде. Егер біз қазір оның алдын алмасақ, 90-шы жылдардағы «кезекпен ажырату» проблемасына қайта келуіміз әбден мүмкін. Бұл тапшылықтың басты себебі

– электроэнергетика саласындағы электр жабдықтарының тозуында. Елімізде электр тапшылығы мәселесі жыл өткен сайын өзекті болып бара жатыр. Былтыр 8 ай бойы тапшылық айқын байқалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд. кВт сағатты құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. құрайды және бұл электр энергиясының бағасы көмірсутектер бағасының төмендеуіне немесе өсуіне тікелей байланысты екенін білдіреді. Атом генерациясында уран өзіндік құнының үлесі 10%-дан аспайды, яғни уран бағасының ауытқуы электр энергиясының түпкілікті құнына іс жүзінде әсер етпейді.

– АЭС салу бүгінге дейін кейінге шегеріліп келді, оған не себеп болды?

– Қазақстанда атом электр станциясын салу жұмыстарының басталмауының бірден-бір себебі – ядролық сынақтар нәтижесінде туындаған радиоактивті зардаптарға байланысты елдегі жағымсыз тәжірибе болуы мүмкін. Бұл сынақтар кеңес заманында полигондарда, соның ішінде Семей ядролық полигонында, Сары-Шаған және басқаларында өткізілді. Бұл халық арасында ядролық технологияға қатысты белгілі бір алаңдаушылық тудырды. Ядролық сынақтар адам санасында терең із қалдырды және атом энергетикасының қауіпсіздігіне қатысты қоғамның алаңдаушылығы бар. Кейінірек Чернобыль атом электр станциясындағы апат осы қорқынышты еселей түсті. Сондықтан адамдар болуы мүмкін апаттардан, қоршаған ортаға және денсаулыққа тигізетін зардаптардан қорқады. қоршаған ортаға әсеріне келетін болсақ, күн панельдерінде қорғасын, мыс, галлий, кадмий сияқты ауыр металлдар, синтетикалық материалдар бар және олардың негізі алюминийден жасалады. Forbes журналы әр елдің мамандарының тұжырымдамаларынан төмендегідей цитатаны келтіреді: «Күн батареяларын жою – кәдеге жарату проблемасы жақын 20-30 жылдықта толық күшпен «жарылып», қоршаған ортаған үлкен зиян әкеледі. Себебі, бұл «өте көп мөлшердегі қалдықтар және оларды қайтадан өңдеу өте күрделі процесс». 2030 жылға қарай әлемде 1,7-8 млн. тонна фотовольтаика қалдықтары пайда болады деп айтылуда. «Күн қоқысының» мұндай мөлшері электрондық қалдықтардың бүгінгі жылдық көлемінің 3-16%-ына сәйкес келеді. 2050 жылға қарай (жинақталған қорытындымен) өз мерзімін өтеген күн панельдерінің көлемі 60-78 млн. тоннаға дейін өседі деп болжануда. станциясын кез-келген электр энергиясы қажет жерлерде салуға болады. Оның себебі – отынның ықшамдылығында: бір жылға жететін қорды бір ұшақ рейсімен тасымалдауға болады. 10-15 жыл өтелетін зауыт салу үшін миллиардтаған теңге инвестиция құю керек. Сондықтан инвесторлар үшін осы мерзім ішінде энергияның қанша тұратынын алдын ала білу өте маңызды. Атом емес көздерден (мұнай, газ, көмiр) алынған энергия жағдайында оның өзiндiк құны 60-70% отынның өзiнiң құнымен айқындалады. АЭС үшін бұл көрсеткіш 4-5%-дан аспайды. Бұл дегеніңіз, уран құнының өзгеруі энергияның киловатт-сағатына әсер етпейді дегенді білдіреді. Яғни, атом энергиясын пайдаланған кезде тұтынушы (және инвестор) 10-15 жылдан кейін киловаттсағат энергияның қанша тұратынын дәл біледі. Зерттеулерге сәйкес, атом электр станциясы өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың ең төменгі пайызын тіркейді (дереккөз – Пауль Шеррер институтының зерттеуіне сілтеме жасаған, Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) 2019 жылғы басылымы). – Жаңа технологиялық тәртіпке көшуі туралы айтып өтсеңіз? – Атом электр станциясын өз қарамағына алған ел – ғылым, технология, өнеркәсіп, білім беру тұрғысынан жаңа сапалы деңгейге көшеді. Қазақстан ерекше жағдайда тұр: көміртекті бейтараптыққа қажеттілік және 10-12 жылдан кейін құлайтын ескі электр станциялары. Қазақстанда АЭС салу керек. Бізде өзімізде өндірілетін уран бар, еліміздің энергетиктері тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, уранның бағасы жақсы. Әзірге Қазақстан үшін көптеген технологиялар қолжетімді емес. Жаңартылатын энергия көздерін, атом электр станциясымен параллельді дамыту керек. Егер Қазақстан экономиканы одан әрі дамытып, нығайтуды жоспарлап отырса, онда энергетиканы дамыту қажеттілігі бірден туындайды. Атом станциялары – бұл республиканы ұзақ жылдар бойы электр энергиясымен қамтамасыз ете алатын және даму жолында декарбонизация идеясын, экологиялық жағдайды жақсарту және электр энергиясын үнемдеу, ел аумағындағы кәсіпорындарды дамыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұрақты, сенімді көз.

Сұхбаттасқан Рита ӨТЕУҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT