«Кселл» - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы «Кселл» халықаралық шараға қатысушыларды тегін интернет байланыспен қамтиды

(0 Votes)

Елдегі жетекші мобильді операторы «Кселл» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы атанды.

Қос тарап тиісті меморандумға қол қойды. Бүгінде сайыс өтетін спорт нысандарында байланыс құрылғылары мен қосымша базалық станциялары орнатылып жатыр. Атап айтсақ, «Кселл» компаниясының техникалық жасағы «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» атшабары және Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» мұзайдыны, «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені, ҚР Ұлттық музейі, «Думан» ойын-сауық кешені аумағына 4G және 5G қосалқы базалық станциялары мен телекомуникациялық жабдықтарын орнатуға кірісті. Бұл шетелдік қонақтар мен қатысушыларға өз туған-туыстарымен еш кедергісіз бейнебайланысқа шығып, әлеуметтік желілерге фото, видео материалдарды жедел жүктеуге, таратуға, барлық цифрлық сервистерді үздіксіз пайдалануға мүмкіндік береді.

«Біз бұл ойындардың Қазақстанға қаншалықты маңызды екенін терең түсінеміз. Сондықтан осы халықаралық шараны мінсіз ұйымдастыруға үлес қосуды ұйғардық. Оның ішінде шетелдік қонақтар мен спортшыларды жылдам интернет пен сапалы байланыспен қамтамасыз ету –өте маңызды міндет. Сол үшін біздің мамандар жарыс өтетін барлық спорт нысандарында тиісті жұмыстарды атқарып жатыр,- деді «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.

Дирекция басшысы Наиль Нұров 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми байланыс операторы «Kcell» компаниясымен ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Kcell» компаниясымен ынтымақтастық – барлық қатысушыларды, спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді, еріктілер мен ұйымдастырушыларды сапалы ұялы байланыспен және тегін интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам. Ойындарды сәтті өткізуге және осы ауқымды іс-шараның барлық кезеңдерінде байланыс орнатуға үлес қосып, сенімді коммуникациялық инфрақұрылым жасауға атсалысқаны үшін «Kcell» компаниясына ризашылығымызды білдіреміз», - деді ол өз сөзінде.

«Кселл» аталған нысандардағы байланыс желілерін жетілдіріп қана қоймай, көшпенділер ойындарына қатысатын әр спортшыға, еріктілерге, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің әр мүшесіне 5G интернеті мен байланысы бар сим-карталарды тегін таратпақ. Бұдан бөлек, компания спорт кешендерінде Wi-Fi-сигналын тарататын арнайы 5G-роутерларын орнатпақ. Сондай-ақ, тақырыптық SМS-хабарламалар жолдауды жоспарлап отыр. «Кселл» Қазақстанның халықаралық аренадағы мерейін асырып, беделін көтеруге бағытталған барлық жобаларды қолдауға әзір. Елдегі ең ірі байланыс операторы ретінде 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінің ресми серіктесі болғаны -соның бір дәлелі. 2011 жылы Қысқы Азиаданың да ресми байланыс операторы боп таңдалғанымыз тағы бар. Енді Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан да тыс қалмадық. Бұл шараны Қазақстан жоғары деңгейде өткізетініне сенімдімін,- деді Асқар Жамбакин.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - әлемдегі ең ірі ұлттық спорт додасы. Алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өткен. Астанадағы жаһандық жарысқа әлемнің 89 елінен 2800 адам қатысады. Олар 21 этноспорт түрінен сынға түспек. Оның ішіне бәйге, көкпар секілді ат спорты мен ұлттық күрес, зияткерлік ойындар мен сабақ ату секілді сайыстар бар. Жалпы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. «Кселл» АҚ корпоративтік бөлім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT