Қазақстан әлемдік аренада өз позициясын нығайтты

(0 Votes)

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы лауазымына келгеніне алты жыл толуына орай өз мақаласында осы кезеңнің кейбір қорытындыларын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі жылдарында Қазақстанның экономикасы мен саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер болды.

 Мен бірнеше негізгі бағыттарды атап өткім келеді. Біріншіден, Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап елдің стратегиялық дамуының басым бағыты ретінде экономиканы әртараптандыруды белгілеген болатын. Мемлекет басшысының тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан шикізатқа тәуелділіктен арылып, өндіріс және өңдеу секторларына басымдық беруі керек еді. Соңғы алты жылда жаңа салалар қалыптасып, кейбіреулері болашақта жалғасын табады. Яғни, Қазақстанның негізгі қозғаушы күші экономика болуы тиіс.

Екіншіден, біздің Президент үшін ең қиын кезең 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар болды, ол кезде елдегі тұрақтылықты сақтау және Қазақстанның егемендігі үшін күрестің маңыздылығын дәлелдеу қажет еді. Бұл – мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды сәттердің бірі. Ел басшылығы Қазақстанды халықаралық аренада маңызды субъект ретінде көрсете отырып, жаңа инвестициялар тарта алды. Бұл – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды факторы. Премьер-министр Бектеновтың айтуынша, соңғы алты жылда Қазақстан экономикасына 130 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық дипломатиялық тәжірибесінің оң ықпал еткені айдан анық.

Үшіншіден, ғалым және оқытушы ретінде, соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды дамытуға ерекше назар аударылғанын атап өткім келеді. Білім беру жүйесі — мектептен бастап университеттерге дейін — назарда болды, мұғалімдердің мәртебесі көтерілді, олардың жалақылары артты, әлемнің жетекші университеттерінің филиалдары ашылды. Мұның барлығы — Президенттің бастамасы.

Тағы бір назар аударуға тұрарлық мәселе — Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум өткізу. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент ел аумағында үш атом электр станциясын салу ниетін жариялады. Қазақстан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді, және бұл шешім бір күнде қабылданбады — ол халықаралық саясат пен жаһандық үрдістердің салдары болып табылады. Референдум өткізу — Президенттің болашаққа көз тіккен, стратегиялық ойлайтын көшбасшы екенін дәлелдейді.

Осылайша, Қазақстанның сыртқы саясатының тұрақтылығы мен көпвекторлылығы әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдау тауып отыр. Түркия мен Израиль сияқты өңірлік қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқаратын елдер қатарына қосылу — мемлекеттің ірі жетістіктерінің бірі.

Сайполла САПАНОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT