Жұмысшы мамандықтарына сұраныс артады

(0 Votes)

Сарапшылардың болжамынша, алдағы 6 жылда жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс 400 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Еңбекмині мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын іске асырып жатыр. Осы жұмыс аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өткізіледі, кәсіптік стандарттар жетілдіріледі, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл күшейтіледі. Бұл шаралар еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

«Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс саны 1,6 млн адам болады деп күтіліп отыр, оның ішінде 900 мыңға жуығы кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге, 400 мыңнан астамы жұмысшы мамандық иелеріне тиесілі болады. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында аса сұранысқа ие», деді Еңбекмині Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT