Кәсіпкерлерді әлі де қолдау қажет

Кәсіпкерлерді әлі де қолдау қажет
(0 Votes)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында кәсіпкерлерді де назардан тыс қалдырмады.

«Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады», - деген еді Президентіміз.

Шынында да кәсіпкерлер кездесіп отырған мәселелер бар. Кәсіпкер болу оңайға соқпай тұр. Сондықтан кіші бизнесі бар адамдарға үлкен қолдау қажет деп білемін. Біз қазіргі кезде сауда жасайтын жеріміздің өзін қомақты қаржыға жалдап отырмыз. Құрал-сайман, техника дегеннің өзін әлсін-әлсін ауыстырып тұру қажет. Мұның бәрі қалтаға әкеп соғады. Кейде табысымыздан шығынымыз көп болып кететіні де рас. Бұл қиындыққа шыдай алмай, бастаған ісін тоқтатып жатқандары да бар. Сол себепті үкімет қол ұшын созса, оның өркендеп, қанат жаюына үлкен әсерін тигізер еді.

Қазір көптеген қолдау шаралары жүріп жатырса да соны кейде естімей қалып жатамыз. Тиісті тұлғалар түсінік жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің басын қосып жіті түсіндіріп отырса деген ұсынысым бар.

Ауданымызда кәсіпкерлер қатары көбейсе, жағдай жасалса еліміздің экономикасы да өсер еді деген ойдамын.

Бану Жұмағалиева,

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT