Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері 930 ағаш отырғызды

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері 930 ағаш отырғызды
(0 Votes)

 Атырау мұнай өңдеу зауытында «Менің атаулы ағашым» акциясы мәресіне жетті. Бұл жолы мұнай өңдеушілер өндірістер мен әкімшілік-тұрмыстық кешендердің аумағында, сондай-ақ зауытішілік жолдардың жиектеріне күлтелі ағаш пен шегіршіннің 800-ден астам көшетін отырғызды. 

Жалпызауыттық акцияның басты мақсаты – жасыл аймақ аумағын кеңейту. Бас директор Ғалымжан Жусанбаев атап өткендей, ішкі аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары зауыттың табиғатты қорғау қызметінің басты бағыттары болып табылады. Жасыл желектер эстетикалық функция атқарып қана қоймайды, соынмен қатар ауаны зиянды заттардан тазартып, зауыттықтар үшін қолайлы жұмыс жағдайын жасаудың тиімді әдісі.

– Өндірістегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту үшін біз зауытта жоспарлы түрде «жасыл өкпе» жасаудамыз. Бірнеше жылдан кейін дәл осы жерде зауыт қызметкерлерінің қолымен отырғызылған саябақ болады деп үміттенемін. Біз зауытта ғана емес, қалада да экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешенін жалғастырамыз, – деді Ғ.Жусанбаев.

Еске салайық, «Менің атаулы ағашым» жалпызауыттық акциясы ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Ол кезде зауыт саябағы аумағында қарағаш, күлтелі ағаш, айлант пен катальпаның 120 түп көшеті отырғызылды. Алайда экологиялық іс-шараның толыққанды жүзеге асырылуы елдегі су тасқыны жағдайына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT