Итке жауыздық көрсеткен азаматтар жазаға тартылады

(0 Votes)

Әлеуметтік желілерде жануарларды қорлаған азаматтардың бейнежазбасына қатысты полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция қызметкерлері бірінші оқиғаның 30 мамыр күні қаладағы «Береке» шағын ауданында, ал, екінші жағдайдың 31 мамыр күні Еркінқала кентінде орын алғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері оқиғаларға қатысты күдіктілерді 1979 жылы туған екеуді және 1986 жылы туған қала тұрғындарын анықтап, ұстады. Екі факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316 бабы, «Жануарларға қатігездік жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

depti.kz

Сурет:ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT