Атырау облысындағы энергия мекемелері бойынша 2020 жылғы 2 маусымға ақпарат

(0 Votes)

       Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарының 2020 жылғы 2 маусым күнгі 07:00 уақыттағы жағдайы бойынша жедел ақпараты:

  1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 9 қазандық агрегаты, 8 турбина агрегаты жұмыс істейді (қордағысы - 4 қазандық агрегаты, 2 турбина агрегаты; 1 қазандық агрегаты және 1 турбина агрегаты жоспарлы жөндеуде тұр). Қолда бар электрэнергиясының қуаты 342 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 250 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2262100 м3. «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна).

 

  1. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 4-еу (№5 қазандық агрегаты - қорда тұр). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 23 МВт. Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна).

 

  1. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, біреуі жоспарлы жөндеуде). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 125 МВт.

 

  1. «ТШО» электрстанциясында 7 турбина агрегаты жұмыс істейді. (№6,4 және №6,7 турбина агрегаттары - резервте). Қолжетімді электр энергиясының қуаты 472 МВт. Сұраныс бойынша генерация 190 МВт құрайды.

 

Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

 

 

Ж.М.АЙТКАЗИЕВ,

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT