Қолына жұмыс бергенің – жанына тыныс бергенің

(0 Votes)

Оқу орнын енді аяқтаған жас маман диплом алысымен жұмыс іздейтіні белгілі. Алайда, бүгінгі қоғамда ешқашан еңбекке араласпаған, тәжірибесі жоқ адамға жылдам жұмыс табыла қоймайтыны анық. Бұл - жастар үшін күрделі мәселе болып келеді.

Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесінің тұрақты түрде шешімін таппау себебінен олардың түрлі теріс пиғылды топтардың арбауында кетіп жатқандығын айтқан болатын. Сондықтан Үкіметке «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ жұмыссыз жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасауды тапсырған болатын.
Иә, елімізде мемлекет тарапынан жас мамандарды қолдауға арналған бірнеше бағдарлама бар. Соның бірі - "Жастар тәжірибесі" жобасы. Аталмыш бағдарламаның жастар үшін мүмкіндігі көп. Өйткені мемлекеттік бағдарлама жұмыссыз азаматтарды өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастырып, тәжірибе жинақтауына жәрдемдеседі. Алайда уақытша жұмыспен қамтылған азаматтардың сол жұмыс орнына бейімделіп, бағдарлама мерзімі аяқталған соң да тұрақты жұмысқа алынуына жағдай жасау керек секілді.
Аудан да "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы арқылы 2021 жылы 123 адам еңбекке тартылған. Жоспар бойынша 90 адам жұмысқа жіберіледі деп күтілсе, 33 адам артығымен игеріліп отыр. Оның 90-ы мектеп, балабақша, аурухана т.б мемлекеттік мекемелерге мерзімінен бұрын тұрақты жұмысқа орналасқан.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Сағадат Маженованың сөзінше, биылғы жылы маусым айына дейін 6 маман мемлекеттік бағдарлама бойынша тәжірибеден өтуге жіберілген. Жалпы ағымдағы жылы жоспар бойынша 95 жас маманды тәжірибеден өтуі қажет дейді ол.
Дәл қазіргі уақытта аталмыш бағдарлама бойынша 49 мекемеден өтінім түскен. Оның ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеу ісі, мемлекеттік қызметші, заңгер, тоқ жөндеуші, мал дәрігері, негізгі пән мұғалімдері, балабақша мамандары және тағы да басқа қоғамға қажетті мамандықтақтар тізбегі бар. Өйткені аталған мамандықтар бойынша ауданда кадр жетіспейді.
Бұл мезгіл жастардың қолына диплом алып, ауылға маман болып оралатын уақыты. Сондықтан жастар аталмыш бағдарлама көмегі арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігін құр жібермесе екен дейміз.
Айта кетейік, бұл бағдарламадан бөлек "Алғашқы жұмыс орны" атты мерзімі 18 айды құрайтын жоба бар. Аталмыш жоба арқылы ешқашан жұмыс жасап көрмеген тұрғындар өзінің алғашқы жұмыс орнын таба алады. Десе де, аудан бойынша бұл жобаға қызығушылық танытып отырғандар жоқ көрінеді.


А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521