Қазір ЭЦҚ кілтін қашықтықтан қалай алуға болатыны туралы ақпарат сұрайтын тұрғындар көп. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалы фронт офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Эльмира Утебаева аталған сауалға жауап берді.
Басқарма басшысының айтуынша, ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғалар үшін беріледі. Оны қашықтан алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет:
Қолданыстағы жеке куәлігі (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжаттың) немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік деректер қорында Қазақстан Республикасы азаматының паспорт;
Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефон; Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс.
Есіңізде болсын, қандай жағдайда да танымайтын өзге адамға электрон цифрлы қолтаңбаны ашуды тапсырмаңыз. Себебі, ол - сіздің жеке мәліметіңіз. ЭЦҚ өз компьютеріңізде сақталып тұрсын немесе арнайы флеш жадыға жүктеп алыңыз. Оны өзге біреуге беруге болмайды. Сондай-ақ, басқарма басшысы азаматтарға электронды цифрлы қолтаңбаны қауіпсіз жерде сақтауға кеңес береді. Өйткені, сіздің ЭЦҚ-ңызды білетін адам жеке мүлікке және тағы басқа құжатқа оп-оңай ортақтаса алады. Сондықтан, оны өзіңіз алып, қауіпсіздігіне де жауапты болғаныңыз абзал.