Өмір есігін енді апшқан сәбиіңіздің туу туралы куәлігін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да алу үшін (қажетті құжаттар):
Туу туралы өтініш; Ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басты куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда);
Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат қажет болады.
АЛ, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін;
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.