Бізді қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарап, оны қорғау – экологиялық мәдениеттің басты белгісі. Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Осы мақсатта бүгін облыста мемлекеттік органдар мен мекеме өкілдерінің қатысуымен “Таза Қазақстан” акциясы өтуде.
Мұнайлы шаһарда аталған шара қаланың шыға берісіндегі “Атырау-Орал” тасжолы бойының оң жақ тұсындағы алаңда ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына 200-ге жуық атыраулық атсалысуда.
-Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде бастау алған игі шара. Аталған экологиялық акция өзге өңірлерде сәуір айынан басталса, су тасқынынан туындаған төтенше жағдайға байланысты Атырау облысында бүгін бірінші рет өткізіліп отыр. Қазір акцияға 20-ға жуық мемлекеттік мекеменің 200-ге жуық қызметкері қатысуда.
Айта кетерлігі, бізге “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС қолдау көрсетуде, – деді Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Ерлан Есенов.
Мәлике МӘЛІК