Ауыз судың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қалыпты болуы маңызды, өйткені судың сапасының төмендеуі адам денсаулығына кері әсер етіп, түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің негізгі шарты – ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі, яғни микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық талаптарға сәйкестігі. Ауыз су сапасын бақылау – мониторинг жүргізу және өндірістік бақылау үшін зертханалық зерттеу арқылы сумен жабдықтау объектілерін жоспарлы тексерулер жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні облыс халқының орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99,6%. Оның ішінде ашық су көзінен 94,6%, жер асты су көздерінен халықтың 5,0%, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін халықтың 0,3%, тасымалды суды халықтың 0,2% пайдаланады.
Ерекше тәртіппен тексеру кезінде жоспарлы санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткішке 108 су сынамасы алынып, санитариялық-химиялық көрсеткішке 7 сәйкессіздік, микробиологиялық көрсеткішке 3 сәйкессіздік анықталған болатын. Судың сәйкес келмеу себебі технологиялық және дезинфекциялық қондырғылардың істен шығуы, СТҚ көктемгі уақтылы жууды жүргізбеуінен еді.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша сумен жабдықтау субъектілеріне санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы беріліп және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберілді. Аталған ескертулер бойынша санитарлық ұйғарымдар беріліп, СТҚ жуу және дезинфекциялау жүргізіліп, қайта іріктеп алынған су сынамалары гигиеналық талаптарға сәйкес келді.
Атырау облысы бойынша І және ІІ санаттағы ашық су қоймаларының суына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг 6 су пайдалану орнында (Жайық, Қиғаш, Ойыл, Ембі, Бақсай өзендері, Қамыскөл көлі) жүргізіледі, бақылау нүктелерінің саны - 53.
2022 жылға ашық су көзі бақылау нүктелерінен санитариялық-химиялық зертханаға алынған 232 сынаманың 69 сынамасынан (29,7%) сәйкессіздік көрсетсе, микробиологиялық зертханаға алынған 233 сынаманың 43 сынамасынан (18,5%) сәйкессіздік көрсетті.
Жылма-жыл Жайық өзені суының азаюынан, су температурасының жоғары болуынан жаз айларында ауыз суда жағымсыз иіс, түстілігінің өзгеруі байқалуда. Бұл су сапасының төмендеуіне алып келеді.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Атырау облысы санитариялық-эпиедмиологиялық бақылау департаментінің қалалық, аудандық басқармаларымен ауыз су және ашық су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп, жіті бақылануда.
М.ТАНАУОВ,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы